01.02.2024, 22:30

Каспий жағасында құны 1,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Фото: tumba.kz

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жалпы ауданы 696,8 га және кадастрлық құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер 2007 жылдан бері игерусіз жатқан. Үш учаске Қарақия ауданында орналасқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында облыс прокурорлары Ақтау қаласында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін өз бетінше иемденудің 61 фактісін анықтады.

Сондай-ақ, облыс бойынша ауданы 44 850 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымсыз пайдаланған 57 шаруа қожалығын анықтады.

Ауыл шаруашылығындағы үй жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20%-дан аз) сәйкес келмегені анықталды. Осылайша жер учаскелері іс жүзінде пайдаланылмады. Барлық бұзушылықтар бойынша жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында облыс прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.