$ 494.87  520.65  4.91

«Еркектің бәрі тиран емес!»: Танымал блогер қостанайлық жүргізушіні жақтады

Әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған.

Фото: instagram.com/moldir_anarbaeva
Фото: instagram.com/moldir_anarbaeva

Әлеуметтік желіде бейтаныс әйелдің такси жүргізушісіне "зорламақ болды" деп жала жапқан видеосы тарады. Қоғамдағы атышулы оқиғаға блогер Мөлдір Анарбаева үнсіз қалмай, такси жүргізушісін жақтап, жазба жариялады, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойпырмай, мынандай қатынмен өмір сүретін еркек болса обал-ақ…
Әртістігінде шек жоқ! Осы таксист адам емес пе?! Оларды ит қылатын қатын көбейді ғой, масқара! Отбасын асыраймын деп жүрген жігіттерді құл көретін қақсақтарды да көріп жүрміз. Мына әртістің бір жері кем болса амал жоқ, сау болса оңбайды екен. Мен де жиі таксиге отырамын, өткенде бір кісінің көлігі газ сасып тұр. Аға, газдың иісі шығады, денсаулығыңызыға зиян ғой, десем,
“ақшам болса осы көлікті айдаушы ма едім…”, деп күрсінді. Айлығын түгел әйеліне беріп жол-пұл болсын деп жүрген еркектер қаншама… “Еркек тапсын!” деп езіп, құлақ-миын жеп, үй бетін көрсетпей жібергенді қойыңдаршы, әйелдер!
Өздеріңе сәл ие болыңдаршы! Адамда кие бар, обалын арқаламаңдаршы. Осы күні көптеген әйел әсірешіл. Еркектің бәрі тиран емес! Құл емес! Ойыншық емес!, – деп ашынды блогер. 

Оқырмандарының көбі блогердің сөзін жақтап, бейтаныс әйелдің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайлық әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған еді. Ол құзырлы органға жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы – 110 760 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары