$ 443.35  475.54  4.82

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаевтың видеоүндеуі тарады (ВИДЕО)

Менің зиян тигізбек ойым болған жоқ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем көлігі жүргізушісін соққыға жыққаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол видеода күдікті қазақстандықтар мен медицина қызметкерлерінен кешірім сұрап, жасаған қылмысы өзіне маза бермей жүргенін жеткізді.

Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары