02.02.2024, 10:20

Абат Айымбетов «Адана Демирспорда» ойнайтын болды

Фото: instagram.com/adskulubu

Енді ол Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл ойнайды.

Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» клубына ауысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Бұл туралы түркиялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Абат Айымбетов Адана Демирспор командасымен 1,5+1 нұсқасы бойынша келісімшарт жасасты.

Енді ол Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл ойнайды. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады.

Айта кетейік, Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында келеді.