Депутаттар да футболға бөлінген қаржыға наразы.
Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Қазақстанның футболына бөлініп жатқан ақша туралы тағы айтып, спорт шенеуніктерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, күні кеше Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мемлекеттің футболға 133 млрд теңге бөлгені туралы айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын. Қуат Хамитов бұл цифраны көріп есеңгіреп қалған секілді.
«Ешқандай футбол, басқа да спорт болсын, аш отырған халықтың көз жасын сүртуге де жарамайды», - деп жазды әлеуметтік желіде.
Қуат Хамитов ұзақ уақыттан бері отандық футболды және оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны сынаумен келеді.