Матчта Бублик 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші ширек финалда отандасы, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченкомен шеберлік байқасты.
Бұл қазақстандық теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші партияда Шевченко 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін Бублик күш алып кетті - 6:3, 6:4.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Александр Бубликтің жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.