$ 495.2  522.34  4.94

Белгісіз боп келген қазақ батыры

1942 жылдың маусым айында Отүстік майдан құрамында Ростов, Кубань, Солтүстік Кавказ жоталары үшін шайқастарда ерлігімен ерекше көзге түседі.

Фото: Facebook-тегі Online Qazaqstan тобынан алынды
Фото: Facebook-тегі Online Qazaqstan тобынан алынды

Бақытжан Абдул-Түменбайдың зерттеп жазуынша, бұл суреттені қазақ батырының шын есімін ешкім білмейді. Оған себеп 1930-1933 жылдардағы қазақ халқының тең жартысын жалмаған аштық болды. Аштықтан аман қалған алты жастағы баланы Ростов облысы, Ақсай қаласындағы жетімдер үйінен бір-ақ шығарды. Ол жақта оған жаңа есім – Филипп Яковлевич деп берілді, Жақыпұлы болуы да мүмкін. Себебі туған жылы1924, туған күні 13 қаңтар деп жазуына қарағанда, шын есімі әдейі өзгертілуі де мүмкін, ал фамилиясы аттестат алар кезде Рубахо деп жазылды. Оның себебі балалар үйінде, әлімжеттік қалыпты жағдай болды. Сол кезде қазақтың қара баласы ешкімнен таяқ жемеген батылдығына қарап, орыстар ондай баланы «парень рубаха» деп атаған. Фамилиясы украинша Рубахо болып жазылды.

Соғыс басталған жылы Батуми қаласындағы мектепті бітірген Рубахо мергендер сайысында бірінші орын алып, маршал Буденныйдың қолынан «Ворошилов атқышы» деген төс белгіні алады. Осы төсбелгісін алға тартып военкоматтың есігін тоздырып майданға сұранумен болады.

Ақыры 1941 жылдың қыркүйек айында Қара теңіз флотының Туалсын базасындағы музыкалық ротаға алынады. Ол жақта да майданға жіберуін сұрап рапорт жазумен болады. Ақыры желтоқсан айында 17 жасында флоттың кіші крейсерінің артеллериалық расчетына алынып Одесса үшін кескілескен шайқастарға қатысады.

Көзге түскесін теңіз жаяу әскер (морпех) батальон құрамында Севастополь қаласын қорғауға қатысып, желтоқсан айында жараланған. Сосын Севастопольдегі госпитальда емделеді. Жазылған соң Қара теңіз флотындағы мергендер мектебінде оқиды.

1942 жылдың маусым айында Отүстік майдан құрамында Ростов, Кубань, Солтүстік Кавказ жоталары үшін шайқастарда ерлігімен ерекше көзге түседі.

1942 жылдың желтоқсанында қазақ Рубахоның жеке есебінде атып өлтірген фашистердің саны 200-ге жетіп, Қызыл Ту орденімен марапатталды (не деген әділетсіздік). Осы жылдың желтоқсан айында екінші рет жараланып, емделіп шыққан соң № 393-ші морпех батальон құрамына іріктеліп алынады.

Оның ротасы Новороссийск қаласын қорғау үшін шағын құрғақ жерге бекініп алып, қалаға жауды кіргізбейді. Алынбас плацдармға айналған жерді басып алу үшін жау өшірлене ұмытылады. Морпехтар қатары сирегенде қайтадан жаңа теңізшілермен толықтырылып отырып, батальон қайтадан жасақталып №305-ші деп аталады. Оны атақты майор Совет Одағының Батыры Цезарь Куников басқарды. Кейін осы плацдарм туралы сол кездегі 18-ші армияның саяси жетекшісі болған Леонид Брежнев, СССР-дің Бас хатысы кезінде «Кіші жер» деген кітабында Цезарь Куников туралы жазғанда, қазақ мергенін жазбай кеткені өкінішті әрине.

1943 жылдың 9 қыркүйегінде ВКП (б)-ға кандидат, морпех батальонының 1-ші статьялы старшинасы Филипп Рубахо оғы таусылғасын қолма-қол шайқаста үш фашисті қанжармен жарып өлтірген. Бірақ сол кезде басынан жараланып құлаған.

 14 қыркүйекте Геленджик қаласындағы госпитальде операция жасалынып Сочи қаласындағы № 2130-ші госпиальға жіберілген. Сол жақта 15 қазан айында қайтыс болады.

Қайтыс болған соң оған Ленин ордені берілді және Краснодар Өлкесіндегі Сочи қаласындағы вокзал артындағы бауырластар зиратына жерленді. Ал өзі секілді ерлікпен қаза тапқан командирі, майор Цезарь Куников Геленжикке жерленген.

1944 жылы СССР Жоғарғы Кеңес Президумының Жарлығымен мерген Ф.Я.Рубахоға 346 жауды атып өлтіргені үшін, жаудың 8 дзоты мен танкісін жойғаны үшін Совет Одағының Батыры атағы берілген. Батыр атағына ұсынған әскери кеңес толтырылған карточкада ұлты қазақ деп көрсетілгенімен, батыр атағы берілген Жарлықта орыс деп жазылып кеткен. Сондықтан соғыс аяқталғанына 78 жыл  өткен соң ғана қазақ екенін енді біліп жатырмыз.

1941-1945 жылдардағы совет-герман соғысында ең үздік нәтиже көрсеткен 20 снайпер-мергеннің біреуі фамилиясы украин, өзі қазақ Филипп Рубахо.

Соғыстан соң 1990 жылы Совет Одағының батыры атанған 100-ші қазақ Бауыржан Момышұлы болса, 101-ші батыр капитан Гастелло ерлігін қайталаған Бақтыораз Бейсекбаев, 102-ші батыр генерал Сабыр Рақымов болса, 105-ші батыр осы Ф.М.Рубахо.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары