$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметші жемқорлық жасаса кім отставкаға кетеді

Отставкаға кетудің белгілі бір шарттары бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа барғаны үшін жоғары басшылардың отставкаға кету ретін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жемқорлық фактісі болса, оны мемлекеттік қызметтің түріне байланысты ажырату керек. Егер мәселе мемлекеттік қызметшілердің, яғни әкімшілік лауазымдағы басшылардың жауапкершілігіне қатысты болса, онда құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Бұл жерде екі термин бар.

Біріншіден, сот үкімінің заңды күшіне енуі, екіншіден, басшының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамау мен болған қылмыстық іс – әрекет арасындағы себеп-салдарлық байланыс. Сонымен қатар, саяси қызметшілердің де жауапкершілігі де бар. Бұл жерде құқықтық нормамен қатар, саяси жауапкершілікте бар, – деді Салауат Мүксімов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде.  

Оның айтуынша, саяси қызметші жемқорлық жасап, оған сот үкімі шыққан кезде басшы отставкаға кетеді. Алдымен істің мән-жайын зерттеу қажет, өйткені отставкаға кетудің белгілі бір шарттары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары