Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады.
Астрономдар 5 ақпанда G1 магнит дауылы болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 5 ақпаннан кейін ұзақ тыныштық болып, 26 ақпанда шамалы ауытқулар болжанған.
Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен ауа-райы денсаулығына, көңіл-күйіне әсер ететін адамдар мұны сезінеді.