$ 443.35  475.54  4.82

Тағы бір ресейлік балуан Қазақстан азаматтығын алды

28 жастағы балуан Ресей сапында жүргенде Еуропаның қола жүлдегері атанған.

 

Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен ел чемпионатында ресейлік легионер Начыын Куулар да өнер көрсетіп жатыр. Ол Қазақстан азаматтығын алған және 65 келіде ұлттық құраманың мүшесі болуға үміткер деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

28 жастағы балуан Ресей сапында жүргенде Еуропаның қола жүлдегері атанған.

«Начын Куулар ел чемпионатында Шымкент атынан күреседі. Бірақ, қазір ол халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан белдесе алмайды, өйткені спорттық азаматтығы әлі жоқ», - деп хабарлаған Спорт және дене шынықтыру комиетінен.

Начын Куулар Париж олимпиадасына да бара алмайды. Өйткені, талап бойынша күрес түрлерінің өкілдері жаңа елге ауысқанда 3 жыл әлемдік жарястарға қатыса алмайды.

Тува тумасы 2016, 2017 және 2018 жылдары әскерилер арасында әлем чемпионы атанған. 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары