$ 494.87  520.65  4.91

Енді бюджеттен қаржыландырылатын спорт түрлері қысқарады

Мәжіліс депутаттары ел қаражатын тиімді пайдаланып, басымдық беретін бағыттарды айқындап алуды ұсынды. 

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда спорт түрлері кезең-кезеңімен азаяды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qazaqstan.tv мәліметінше, оның себебі ресми тіркеуден өтіп, мемлекет есебінен қаржыландырылып отырған спорт түрі тым көп. Сондықтан Мәжіліс депутаттары ел қаражатын тиімді пайдаланып, басымдық беретін бағыттарды айқындап алуды ұсынады.

180 спорттың ішіне кіретіндері: пеншак, силат, биатль, триатль, пинтак, тикбол, унифай, спорттық рыбалка. Кейбір түрлерін өзі қазақстандықтар біле ме екен? Бұл қандай спорт? Сосын трубаға мініп алып, стриптиз көрсететін спорттың аты қандай еді? Спорт на пилоне деген. Ол да жүр ортасында, деді Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серікова.

Құзырлы министрліктің Парламент қабырғасында таныстырған жаңа заң жобасына сай, елімізде жылына 30-40 спорт түрі қысқарып отырады. 2026-27 жылдарға дейін ресми тіркеудегі 184 спорт түрін екі есе азайту жоспары бар. Ең алдымен, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріледі. Сонымен қатар Азия ойындары бағдарламасына енген спорттық бағыттар қамтылады. Ұлттық спорттар да назардан тыс қалмайды. Сөйтіп, алдағы уақытта басымдық берілетін бағыттарды ғана қаржыландыру көзделеді. Әйтпесе, Ұлыбритания, Германия, Австралия сияқты елдерде мемлекет есебінен қаржыландырылатын спорт түрлерінің саны 20-ға да жетпейді. Беларусьта 25 болса, көрші Өзбекстанда – 17.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары