Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.
Павлодарда Лада Гранта жеңіл көлігі өртенді. Отқа оранған көліктің жанынан жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.
"2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда",- деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінен.