$ 443.37  474.49  4.83

Астана-Қарағанды тас жолында ірі апат болды: зардап шеккендер бар

ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол көлік оқиғаcы туралы видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимінен асып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, - деді Ақмола облысы полиция департаменті.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 5 облысында трассалар жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары