Осы меценаттарымыздың қолдауларымен дайындығымыз жоғары деңгейде болып, талай додаларда топ жарып жүрдік.
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындық кезін еске алды. Ол өзіне АҚШ-қа дейін барып дайындалуға рұқсат бергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мен Рио олимпиадасына дайындалғанымда есімде: Қазақстан бокс федерациясы және ҰОК тарапынан маған деген қолдау өте мықты болды. Америка құрама штаттарына барып дайындалуға, оқу-жаттығу жиындарына рұқсат берді. Қолдады. Тимур Асқарұлына сол үшін алғысым шексіз. Осы меценаттарымыздың қолдауларымен дайындығымыз жоғары деңгейде болып, талай додаларда топ жарып жүрдік. Біздің спорттың дамуына әлі талай үлес қосады деген сенімдемін, - деп жазды Данияр Елеусінов.
Естеріңізге сала кетейік, мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Олимпиададағы төмен нәтижелерді Ұлттық Олимпиада комитетін (ҰОК) басқаруға – кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың келуімен байланыстырған.