04.02.2024, 20:30

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған ер адам екі айға қамауға алынды

Фото: Astana.tv

Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ.

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Анықталғандай, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған, деп жазды Астана арнасы.

«28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ», – делінген сот ақпаратында.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.

Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген. Жүргізушінің айтуынша, ер адамға жедел жәрдем көлігін тұраққа қойғаны ұнамай қалған.