Оқырмандар қалыңдыққа жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Белгілі блогер Бота Әбдіраманова анасына 63 жаста той көйлегін кигізіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ата-анасының образын әлеуметтік желіде оқырмандарына көрсеткен.
Блогердің айтуынша, оның анасы той көйлегін кимеген. Бота Әбдіраманова бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ата-анасына той көйлегі мен классикалық костюм кигізді.
63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты? – деп жазды блогер.
TikTok-та бұл видео миллионнан астам қаралым жинап, бойжеткеннің әрекеті оқырманан тарапынан жоғары бағасын алған.
«Сондай сүйкімді жұп, анасының энергетикасы керемет екен, әкесі қайта жақсы көріп қалған сияқты», «Ата-анаңыз өте әдемі екен», «Ата-анаңызды осылай қуантқан сізге рахмет», - деп жазды оқырман қауым.