$ 474.62  517.19  5.39

Депутат педофилдерге хирургиялық кастрация жазасын енгізуді тағы ұсынды

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мұндай ауыр қылмыс жасағандарға заңда химиялық кастрация жазасы қарастырылғанын жеткізді.

 

 

Фото: https://t.me/mazhilis_kz каналындағы видеодан алынды
Фото: https://t.me/mazhilis_kz каналындағы видеодан алынды

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев педофилдерге қатысты жазаны күшейтіп, оларға хирургиялық кастрация жасауды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Мәжілісте әйелдер мен балалар қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмысы бойынша жауапкершілікті күшейту мәселесі талқыға салынды. Жиында депутат Елнұр Бейсенбаев педофилдерге жазаны күшейту маңызды екенін жеткізді.

Қазір оларға қатаң жаза тағайындалады. Олар өмір бойы түрмеге қамалады. AMANAT фракция атынан бір топ депутат хирургиялық кастрация туралы ұсыныс берген едік. Бірақ Үкімет бұл жағдайда табанының бүрі жоқ екенін көрсетті. Бұл түзетуді қолдамады. Әртүрлі сылтау келтіріп, мұның адам құқығы конвенциясына қарсы екенін айтты. Алайда аргументі әлсіз. Еуропа елдерінде хирургиялық кастрация бар. Біз педофилдің бәрін кастрациялау керек деп тұрған жоқпыз. Біз шешімді сот қабылдаса дейміз. Егер педофилия аса қатігездікпен жасалса, біз хирургиялық кастрацияны жасау керек деп есептейміз. 30-40 жылдан кейін түрмеден шыққан адам қылмысын қайталамайды деп ешкім айта алмайды, – деді депутат.

Депутаттың пікірінше, қолданыстағы заңға түзету енгізу керек.

Олар (педофилдер) адам емес. Біз фракция атынан бәрібір осы түзетуді ұсынамыз, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мұндай ауыр қылмыс жасағандарға заңда химиялық кастрация жазасы қарастырылғанын жеткізді.

Елімізде медициналық кастрация бар. Сот өзі шешім қабылдайды. Ішкі істер министрлігі жазаны күшейтуге қарсы деп айта алмаймын. Біз жазалаушы орган ретінде жазаны күшейтуге дайынбыз, – деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары