Тергеу жалғасуда.
БАҚ беттерінде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталды деген қауесет тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет вице-министрдің ұсталғанын растамады да, жоққа да шығармады.
Сіздердің сұрауларыңызға байланысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – Антикор делінген хабарламасында.