05.02.2024, 22:30

«Министрлер өз жұмысын көрсете алмады»: Депутат Үкімет отставкасы жайлы айтты

Фото: @kenzhegulseitzhan парақшасынан алынды

Сонымен қатар ол келесі Үкімет басшысы кім болу мүмкін екеніне сәуегейлік жасай алмайтынын баса айтты.

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан Үкімет отставкасына қатысты пікір білдірді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің жұмысын айтар болсақ, әріптестеріммен келісемін. Шынымен де жайбарақат отырған министрлер мен Премьер-Министр сияқты. Халықтың нағыз мұң-мұқтажын тыңдайтын министр аз. Оларды Үкімет басшысы тыңдамай отыр деп санаймын, – деді Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан.

Сонымен қатар ол келесі Үкімет басшысы кім болу мүмкін екеніне сәуегейлік жасай алмайтынын баса айтты.

Мүмкін жаңа адам келер. Сондықтан айта алмаймын. Менің өзіме де таңқаларлық жаңалық болды. Үкімет қатесін түзетіп, жақсы жұмыс істейді, жақсы-жақсы нәтиже көрсете ме деп ойлаған едім. Біздің комитет келісімін берген Төтенше жағдайлар, Су ресурстары министрлерінің  жұмыс істегеніне көп бола қойған жоқ. Ал бұрыннан отырған министрлер жұмысын көрсете алмады деп ойлаймын, – деді ол.