$ 442.05  474.14  4.74

Әйеліне қол көтергендер 8 жылға сотталуы мүмкін

Сондай-ақ жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова балалар мен әйелдердің құқығын қорғайтын заңға қандай жаңа нормалар енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пікірінше, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық – қоғамға ортақ мәселе.

2017 жылы отбасылық зорлық-зомбылыққа жаза декреминализацияланғаннан кейін осындай салдарға тап болдық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң үстемдігі және тәртіп қағидатын күшейту тапсырмасын орындау үшін бүгінгі заңнамалық түзетулер әзірленді. Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма қарастырылды,  – деді депутат. 

2017 жылдан бастап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабына Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылса немесе 15 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылса, 73-2 бабы ұрып-соққаны үшін 10 АЕК айыппұл не 10 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылған. Бұл баптар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен алынып, Қылмыстық кодекстің 108-1 бабына: Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 109-1 бабы: Ұру жаңа баптары енгізіліп отыр. Осы жерде бір мәселеге баршаңыздың назарыңызды аударғым келеді. Бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап балған барлық азаматтың құқығын қорғауға бағытталады.

Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту. Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары