$ 494.87  520.65  4.91

6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер сейсенбі күні, 6 ақпанда елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының науқаны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы жалғасады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

Қазақстанда тұман, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, –  делінген хабарламада.

Сонымен қатар синоптиктер елорда мен республиканың екі ірі мегаполисінде күн райы қалай құбылатынын болжады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С;

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз +2+4°C;

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°C, күндіз +11+13°C.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары