Былтыр Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған.
Оған мыналар кіреді:
апатты мектептерді ауыстыратын 2 740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда); үш ауысымда оқытуды жою үшін 1 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); оқушы орнының тапшылығын жою үшін 8 976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда); тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында 3 мектептен, Жамбыл облысында 4 мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында 2 мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 мектептен салынады.
Еске салсақ, былтыр Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.