07.02.2024, 03:30

Алматыда IPhone ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz

Екі қылмыс та ірі сауда үйінде жасалған. 

Алматыда ұрлық жасаған күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Polisia.kz мәліметінше, Жетісу ауданының полиция қызметкерлері екі телефон ұрлығының бетін ашты.

– Екі қылмыс та ірі сауда үйінде жасалған. Бірінші жағдайда белгісіз біреу еркін қол жеткізу арқылы витринадан жасырын түрде телефон ұрлап кеткен. Тағы бірінде жеңіл ақшаға құмар азамат құны 460 мың теңге тұратын жаңа IPhone мобильді құрылғысын байқап қалып, оны ұрлап кеткен.

Екі дерек бойынша да қылмыстық іс тергеліп жатыр. 33 және 22 жастағы күдіктілер ұсталды. Аталған эпизодтардың бірі дүкенде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы түсірілген. Күдіктілердің жеке басы басқа да ықтимал қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.