Ресей мен Беларусь құрамалары Әлем және Еуропа чемпионаттарына қатыса алмайды.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында жолдастық кездесу болатыны жазылған еді. Алайда, ҚФФ вице-президенті Рохус Шох бұл ақпаратты жоққа шығарды деп деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Матч ТВ» аталған матч биыл маусым айында болады деп ресми хабарлаған.
«Ресеймен ойнайтынымыз туралы, шын айтсам, бірінші рет естіп тұрмын. Қазақстан құрамасының ойындар кестесі түзіліп қойған, онда Ресеймен жолдастық кездесу мүлдем жоқ. Ресей футбол одағымен де келіссөздер жүргізілген жоқ. Қазақстанның ойын кестесі өте тығыз, артық ойын өткізуге мүмкіндік жоқ», - деді Р.Шох.
Айта кетейік, наурыздың аяғында Қазақстан футболшылары Еуропа біріншілігіне жолдама үшін Грекия құрамасымен кездеседі. Бұл матчты жеңген жағдайда Люксембург – Грузия кедесуінің жеңімпазымен шешуші ойын өткізеді.