$ 494.87  520.65  4.91

«Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасып жатыр

8 өңірде 65 мың адам қаржылық сауаттылық курсынан өтіп, өз қаражатын басқаруды үйренді.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

"АMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасына енді астаналықтар да қатыса алады, деп хабарлайды   Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жыл соңына дейін елордада 10 мыңнан астам тұрғын қаржылық сауатын арттырады. Халық арасында сұранысқа ие болған жоба былтыр нәтижелі болды. 8 өңірде 65 мың адам қаржылық сауаттылық курсынан өтіп, өз қаражатын басқаруды үйренді.

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылар 5 күндік тегін оқу семинарында өз қаражаттарын тиімді басқаруды үйренеді. Сондай-ақ кәсіп ашуды көздегендерге бағыт-бағдар беріліп, қаржы пирамидалары мен алаяқтардың арбауына түспеу жолдары қарастырылады. Мамандар жобаға қатысушыларды жыл соңына дейін сүйемелдеп отырады.

Оқу барысында қатысушыларға заңгер көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді. Жобаға барлық жастағы тұрғындар қатыса алады.

Жобаға қатысушыларға enbek.kz порталына тіркелу, соттан тыс банкроттықты және берешекті өтеу кестесін жасау секілді мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары