Қарағандыда полицейлер жылыжайда көкнәр өсірген 40 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады «Қазақпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арнайы жедел шара барысында Қарағанды қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің және жедел әрекет ету тобының қызметкерлері 69 келіден асатын 385 кендір бұтасы тәркіледі. Кендір өсірілетін жылыжай тұрғын үй аулаларының бірінен табылды. 40 жастағы ер адам қамауға алынды», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.