$ 443.37  474.49  4.83

Шымкенттің «Қырғы» базарында өрт шықты

Шымкентте кезекті рет келеңсіз жағдай орын алды. Көпшілік шоғырланған ортадан өрт шықты. Тілсіз жау Қырғы базарда тұтанған. Бұл туралы суыт хабар сағат кешкі 17:00 шамасында түскен, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы.

Ірі сауда орнындағы алтын бұйымдарын сататын бөлім жанындағы қоймалардың бірінен өрт шыққан. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, тілсіз жау екі қабатты ғимараттың 40-50 шаршы метр жерін шарпыған. Оғиға орнына дереу 7 арнайы техника мен 45 өрт сөндіруші аттанған.

Өрт тамашалап маңайға жүздеген адам жиналып қалды. Олардың арасында қойма иелері де бар болуы мүмкін. Дегенмен, адамдарды төтенше жағдай болып жатқан жерге жақындатпас үшін полиция қызметкерлері мен ішкі істер әскерінің сарбаздары жұмылдырылған. Алдын ала болжамға сәйкес, ұшқын электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары