07.02.2024, 20:30

Қазақстан мен Сингапур арасында инвестицияны көтермелеу туралы келісім ратификацияланды

Фото: Pexels

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп жазады Ақорда.

Сондай-ақ Президенттің өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып сайланды.