$ 439.43  473.31  4.82

Тоқаев Макронға сыйлаған тазы күшіктері Францияға жеткізілді

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. 

Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сонымен қатар Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен "достасып" үлгерген. Айтпақшы, бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған, - делінген БОРТ N1 Telegram каналындағы хабарламада.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары