08.02.2024, 14:40

Түркістандағы екі баланың өлімі: Күдікті анасы ұсталды

Фото: Арман Мухатов Түркістан облысы ПД

Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылды (ВИДЕО)

BAQ.KZ мәліметінше, полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды.

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді, - деді ол.

Полицейдің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, - деп толықтарды сөзін Мұрат Қабденов.