$ 443.37  474.49  4.83

Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылды

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек.

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі

Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ішінде ұшып кететін 7 рейс, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға тиіс 6 рейс, ал ұшып келуі керек болған 12 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Астана қаласы әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр. Мұндай ауа-райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдады», - делінген хабарламада

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары