$ 498.34  519.72  4.85

Боранда 18 сағат бойы адасып жүрген әйел мен бала табылды

Олар үйінен 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында шығып кеткен.

Фото: 112karagandy_tjd
Фото: 112karagandy_tjd

Қарағанды облысында 18 сағат бойы боранда адасып жүрген әйел мен жеті жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы EL.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық ТЖД әлеуметтік желідегі ресми парақшасында  түнде Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында белгісіз бағытқа кеткен 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған баланы іздегенін мәлімдеді.

Олар үйінен 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында шығып кеткен. Бүгін таңда іздестіру тобы жоғалып кеткен әйел мен баланы Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден тапты.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. ТЖД өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты үйден шықпауға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары