08.02.2024, 21:30

Ақтөбеде дәрігерлер науқасқа 3 шақырым жерді жаяу жүріп барған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазір 13 өңірде жол жабық.

Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында дәрігерлер науқасқа қалың қарды омбылап әрең жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Үш шақырым жерге жаяулатып 1 сағатта әрең жеткен дәрігерлер науқастың жүрегін тексеріп, кеңес беріп қайтқан. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған, деп жазды qazaqstan.tv.

Теміржол саласындағы қызметкерлер де күшейтілген режимге көшті. Техниканың күші жетпейтін жерлердегі қарды тазарту үшін 2 мың теміржолшы жұмысқа шықты.

Қазір 13 өңірде жол жабық. Облыстық маңызы бар 85 учаскеде барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.