$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысының әкімі халыққа үндеу жолдады (ВИДЕО)

Облыстағы 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өңірде қалыптасқан жағдай туралы бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, облыстағы 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.

Апаттық-құтқару жұмыстарына 46 полиция жасағы, төтенше жағдай, әскери бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдардан 81 техника, 211 жеке құрам тартылды. Облыстың 8 ауданының орталығында, яғни Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Байғанин, Мәртөк аудандарында 11 жылыту пункті ашылды. Оларға 427 адам, оның ішінде 18 әйел және 20 бала орналастырылды. 8 автобус қар құрсауынан шығарылып, 157 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және жақын жердегі жылыту пункттеріне жеткізілді. Полиция трассалардағы 50-ден астам автокөлікті құтқарды.Облыстағы 56 ауылдың 27-сі жарыққа қосылды. Ол – 2700 абонент. Ақтөбе қаласында да жарық сөнді. Қала және аудандарда жарық беру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі, –  деген Асхат Шахаров өңірдегі жарық беру мәселесіне тоқталған, бригадалардың түнімен жұмыс істейтінін айтты. 

Ал сумен қамту бойынша «Төменгі Қарғалы» және «Тамды» тоғандары, сондай-ақ қаланың су тазарту нысандарының жұмысы қалпына келтірілген.

Бейнежазба соңында өңір басшысы сын сағатта күндіз-түні қолдау көрсетіп, жолдағы азаматтарға барынша қол ұшын созып жатқан мейірімді жандарға, волонтерларға алғыс айтып, баршаны орын алған жағдайларға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары