$ 451.03  487.47  4.94

Павлодар облысында ауа райынан 354 көлік жолда тұрып қалды

Жылыту пункттерінде 112 адам болған. 

astana.tv
astana.tv

Павлодар облысында сағат 11:30-дағы жағдай бойынша республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, халықты ескерту мақсатында жеті СМС-хабарлама таратылды. «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тоғыз хабарлама, екі телерадиоқабылдау жіберілді.

Бір түнде облыс бойынша жалпы саны 354 көлік жиналып қалған. Оның ішінде 232-сі – жүк көлігі, 116-сы – жеңіл автомобиль, алтауы – автобус. Ондағы адамдар саны – 642, оның ішінде сегізі – бала, – деді департаментте.

Жылыту пункттерінде болған адамдардың жалпы саны – 112 адам, оның ішінде төртеуі – бала.

«Vita» еріктілері Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, Астана-Павлодар тас жолында жүргізушілер үшін пісірмелер мен ыстық шай таратты.

Еске сала кетейік, 8 ақпан күні сағат 19:20-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Атамекен кентінен Шідерті кентіне дейінгі Қызылорда-Павлодар республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы жабылған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары