$ 443.35  475.54  4.82

Рамзан Қадыровтың ұлы қатыспаған жарысы үшін де медаль алды

2023 жылдың қарашасынан бері Адам Қадыров мемлекет басшысының қауіпсіздік қызметін басқарады.

Фото: Эхо Москвы
Фото: Эхо Москвы

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Дубайда арнайы жасақ өкілдері арасында өткен UAE SWAT Challenge 2024 жарысының алтын медалін иеленді. Дегенмен, Адамның өзі бұл жарысқа қатыспаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Шешен парламентінің төрағасы Магомед Даудов өзінің Telegram-каналында кіші Қадыровқа аталған медальдың не үшін берілгенін түсіндірді. Оның сөзінше, Адам «Ахмат» деп аталатын шешен командасына қолдау көрсеткен екен.

Даудов сондай-ақ, Адам Қадыровтың медальды бірінші болып таққан сәтінің видеосын да жариялаған. 16 жастағы бозбаланың қуанышында шек жоқ.

Айта кету керек, Рамзан Қадыровтың ұлы бұған дейін тоғыз рет түрлі атақпен марапатталған. Олардың қатарында «Шешенстан Республикасының батыры» деген медалі де бар.

2023 жылдың қарашасынан бері Адам Қадыров мемлекет басшысының қауіпсіздік қызметін басқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары