10.02.2024, 07:30

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Фото: pixabay.com

Еліміздің солтүстігінде түнде 20-28, күндіз 15-20 градус болады.

Алдағы үш күнде скандинавиялық циклон біртіндеп ел аймағынан тысқары шығады. Алайда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы, боран мен екпінді жел және көктайғақ құбылыстары сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық қысымның жоғарылауы, жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы болжанып отыр.

Еліміздің солтүстігінде түнде 20-28, күндіз 15-20 градус болады. Ал оңтүстік аймақтарда Иран жағынан келетін оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күшейеді.

Айта кетейік, Алматыда 12 ақпанда сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін биіктігі 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп болжанып отыр. Бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40% құрайды.