$ 441.66  475.14  4.86

«Мақтаарал» футбол клубы ҚПЛ-дың жаңа маусымынан шеттетілді

Ал ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін 13 клубқа лицензия берілді.

Фото: https://www.instagram.com/fcmaqtaaral/
Фото: https://www.instagram.com/fcmaqtaaral/

Түркістандық «Мақтаарал» футбол клубына Қазақстан чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензия берілмеді. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, бұл клуб талаптарға сай емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің» талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін «Мақтаарал» ФК КММ-ға футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензияны беруден бас тартылсын!

«Мақтаарал» ФК КММ-ға 2024 жылдың 20 ақпанына дейін футболдан Бірінші немесе Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау процесіне шұғыл рұқсат алу рәсіміне өту үшін қатысуды растасын, – делінген футбол федерациясының хабарламасында.

Ал ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін мына 13 клубқа лицензия берілді:

1. «Ордабасы» ФК

2. «Астана» ФК

3. «Ақтөбе» ФК

4. «Қайрат» ФК

5. «Қызыл-Жар СК» ФК

6. «Қайсар» ФК

7. «Атырау» ФК

8. «Тобыл» ФК

9. «Шахтер» ФК

10. «Жетісу» ФК

11. «Елімай» ФК

12. «Тұран» ФК

13. «Жеңіс» ФК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары