$ 494.87  520.65  4.91

Семейде полицей азаптау дерегі бойынша күдікке ілінді

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Семейде ұсталған адамға қатысты азаптау қолданылды деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Абай облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлімінің қызметкері ұсталды.

26.01.2024 жылы Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады.  Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары