10.02.2024, 09:30

BI Group «Қазақ тілі» қоғамына 100 миллион теңге бөлді

Фото: Рауан Кенжеханұылының жеке парақшасынан

Рауан Кенжеханұлы қор атынан кәсіпкерге алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев "Қазақ тілі" қоғамы қорына 100 миллион теңге бөлді.Бұл туралы қор басшысы Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елімізге белгілі кәсіпкер, филантроп Айдын Рахимбаевтың бастамасымен BI Group холдингі қазақ тілін дамытуға 150 млн. теңге бөлді!

BI Group холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн. теңге көлемінде үлес қосады, одан бөлек қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

 

Атап айтсақ, тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар мен өзге де маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз. Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы BI Group қолдауымен қазақ тіліндегі сапалы контент қорын көбейту мақсатында шығаршылық ортаны ынталандыруға бағытталған түрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлады, деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Рауан Кенжеханұлы қор атынан кәсіпкерге алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.