Қаза тапқандар қалалық “Боралдай” зиратында жерленеді.
Лай көшкіні салдарынан қаза тапқан азаматтармен қоштасу рәсімі “Көктөбе” санаторийінде өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ - ке сілтеме жасап.
8 ақпан күні түнде Тау-Самал шағын ауданында лай көшкіні 1 үйді толығымен басып қалған болатын. Тағы бір үйге жартылай зақым келді. Жарты күнге жалғасқан құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 адамның мәйіті табылды.
Айта кеткен жөн, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған азаматтардың туған-туысқандарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға әкімшілік көмек беретінін айтқан болатын.
Қаза тапқандар қалалық “Боралдай” зиратында жерленеді.