Соңғы уақытта Қарағандыда жаяу жүргіншілерді соғып кету фактісі жиілеген.
Жол-көлік оқиғасы 9 ақпан күні, сағат 21.30-да Магнитогорская көшесінде орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Inbusiness мәліметінше, 66 жастағы "Mercedes" маркалы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан ер мен әйелді қағып кетті.
Жаяу жүргіншілердің екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - деп хабарлайды полиция.
Соңғы уақытта Қарағандыда жаяу жүргіншілерді соғып кету фактісі жиілеген.