Көшкіндер жолды ішінара жауып тастады.
Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында қар көшкіні түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1 ақпанда сағат 14:30-да Катон-Қарағай ауданында жергілікті маңызы бар "Согорное-Барлық" автожолының 16-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1350 м3 екі қар көшкіні өздігінен түсті. Зардап шекендер мен қираулар орын алған жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көшкіндер жолды ішінара жауып тастады. Жергілікті атқарушы органдардың жол техникасымен тазалау жұмыстары жүргізілуде.