$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы ЖЭО-2-де апат болды

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен

Астанада ЖЭО-2-де апат болды. Оқиғаға энергетика министрлігі де түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Астана Энергия» АҚ мәліметінше, 9 ақпанда сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілді. Соның салдарынан компенсантор ажырап қалған.

Бұл жағдай апат ретінлде саналмайды. Барлық жүйе ретке келтіріліп, төртінші турбоагрегат іске қосылды. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВат шамасында. Осы жағдай ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ, – делінген хабарламада.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары