12.02.2024, 03:30

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде жеңіске жетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ол финалда ресейлік спортшы Дарья Касаткинадан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол финалда ресейлік спортшы Дарья Касаткинадан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс Еленаның 2024 жылғы екінші WTA титулы және мансабындағы жетінші жеңісі болды.

Турнирде жеңіске жеткені үшін қазақстандық теннисші $142 000 (63,3 млн теңге) көлеміндегі сыйлыққа ие болады. Сонымен қатар, жаңартылған WTA рейтингінде Елена Рыбакина 5-ші орыннан 4-ші орынға көтеріледі.