Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қызылорда облысында автокөлік Самара-Шымкент» тас жолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған, деп жазады Kazinform.
«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.