$ 449.88  486.64  4.83

Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны рас па?

Сарапшы оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстан жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта екенін еске салды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми орталық директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.

Оның сөзінше, сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия ғылыми орталықтың сейсмологиялық деректерін бақылау материалдарын талдайды, осы материалдарды жауапты мемлекеттік органдарға ұсынады.

"Біздің мамандардың қорытындысы, бірнеше ғылыми бағыттың деректері бойынша Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында магнитудасы 5.5 және одан да көп жер сілкінісі болады деп күтілмейді", - деді Сәрсенбаев.

Комиссия құрамына ғылыми орталықтың жетекші мамандары кіреді. Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия жыл сайын Алматының сейсмикалық қауіпті өңіріндегі былтырғы бағалау нәтижелері бойынша сейсмикалық ахуалды бағалайды екен.

Сейсмикалық жағдайды бағалау туралы апта сайынғы ресми ақпарат Алматы қаласының ТЖД, Алматы облысының ТЖД, ҚР ТЖМ және басқа да тиісті органдарға беріледі.

"Егер Алматы сейсмикалық белсенді өңіріндегі фондық сейсмикалықты (к=9,6-10,5) ескере отырып, жер сілкіністерінің эпицентрлерін қарастыратын болсақ, онда олар оңтүстік-шығыс бағытта созылып жатыр. К=10,6-12,5 бар ошақтардың көпшілігі Жоңғар болжамды аймағына орайластырылған және батыс-шығыс бағытта созылған", - деді спикер.

Сарапшы оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстан жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта екенін еске салды. Алматы қаласы тау бөктерінде орналасқан, бұл сейсмикалық шартты процестердің қауіпті факторы саналады.

"Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы таяуда болған жер сілкінісінен кейін оның сейсмикалық толқындары Қазақстан аумағында сезіліп, халық арасында дүрбелең туғызды, кейінгі жер сілкінісінен кейін оның қайталанауы мүмкін бе деген мәселе халықты қатты алаңдатады. Егер Савельев мырза сияқты пайымдайтын болсақ, онда ай сайын жер сілкінісі болады деп "болжанады" және бұл сәйкес келуі де мүмкін. Ол 15 қаңтарда Алматы қаласының аумағында сейсмикалық апат 12 балл деп болжағанын еске салғым келді. Шын мәнінде, 7 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда Қытайда, Алматыдан 260 шақырым жерде болды", - деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары