$ 442.05  474.14  4.74

«Ыстық пирожки» сияқты өтеді». Шавкат Рахмонов бизнеске бет бұрды

Бәрімізге белгілі, ол әр жекпе-жегіне осы тымақты киіп шығады. Сәйкесінше, мұхиттың арғы жағында оған деген қызығушылық артты.

Фото: tymaq.kz
Фото: tymaq.kz

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тымақтарын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналист Аслан Қаженов Facebook парақшасында бұл керемет бастама екенін жазды.

Бір парадокс дүние бар. Біз күнделікті отандық спортқа бөлінетін миллиардттаған қаржыны айтамыз. Одан еш нәтиже шықпағанын, яғни, қайтарымы болмағанын сынап жатамыз. Ал Шавхат сияқты жігіттер, керісінше, бюджеттен бір теңгеде де алмайды. Бірақ еліміздің абыройын асқақтатуға және өзіндік иммидж қалыптастыруға масқара үлес қосады. Соның айғағы – мына басына киіп отырған тымағы, - деп жазба қалдырды. 

Спорт журналисінің сөзінше, мұхиттың арғы жағында Шавкаттың тымағына қызығушылық көп.

Бәрімізге белгілі, ол әр жекпе-жегіне осы тымақты киіп шығады. Сәйкесінше, мұхиттың арғы жағында оған деген қызығушылық артты. Бастапқыда бірнешеуін арнайы апарып, тегін таратып жүрді. Одан кейін жүз данасын дайындап жатырмыз дегенін де естігем. Қанша апарсаң да, «ыстық пирожки» сияқты жоқ болып кетеді. Енді осы процесті заман талабына сай бір жолға қойған екен. Бұдан былай еліміздің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері Шавхаттың қолтаңбасы бар тымақты "tymaq.kz" сайтынан онлайн тапсырыспен ала алады. Керемет бастама. 

Жазба Аслан Қаженов мұндай дүниелерді көпке жариялау керегін жазды.

Ана жолы 50 центтің кепкасын кәдімгідей хит қылып, әріптестер жарыса жариялап еді. Одан кейін Аkon-ға лақтырған іш-киімді талқылып, біраз мәре-сәре болдық. Тіпті, оны Парламент қабырғасында да көтерді. Айтпағым, осындай ұлттық құндылығымды түгендеуге келгенде, отандық спортшылар мен отандық өндірушілерді қолдауға келгенде неге аузымызға құм құйылады? Жай бір-бірімізге айтсақ, бір-бірімізге бөліссек, соның өзі үлкен көмек емес пе? Солай ғана елімізге деген, ұлтымызға деген сүйіспеншілікті және ауызбіршілікті көрсете аламыз. Қысқасы, өндірістің басы-қасында жүрген қыз-жігіттерге үлкен респект! Ал, Шавхаттың өзіне тек қана сәттілік тілеймін! 

Тymaq.kz сайтында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, бүгінде сатылымда қасқыр тымақ және түлкі тымақ деген екі түрі бар. Қасқыр тымақ алғашқы жүз сатып алушыға 50% жеңілдікпен 250 000 теңге болса, түлкі тымақ 180 000 теңге. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары