$ 494.87  520.65  4.91

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке қатысу үшін турнирдің жартылай финалдық матчында Грекиямен ойнайды.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге кетуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sport24-ке сілтеме жасап.

46 жастағы бапкер Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бастап басқарады. Ол бұрын «Ахматта», «Анжиде» және басқа да ресейлік клубтарда жұмыс істеген.

21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке қатысу үшін турнирдің жартылай финалдық матчында Грекиямен ойнайды.

«Маған ресейлік клубтар ара-тұра жұмыс ұсынып тұрады. Бірақ мен [Қазақстан құрамасымен] циклды аяқтауым керек, содан соң шешім қабылдаймын. Мен сөзімнен қайтпаймын: ойындарға атсалысамын.

Әрине, жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін айтқым келеді. Бірақ бұл менің арманым деп айта алмаймын. Мен қай кезде де нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлығына толық көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға бірнәрсе бере алдым деп үміттенемін. Бар ойым алдағы ойындарда», - деді Адиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары