$ 441.58  480  4.86

Ер адам көшеде бойжеткенді тұншықтырып, көлікке сүйреді (ВИДЕО)

Полиция департаменті бұл деректі растады.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам бойжеткенге шабуыл жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тапа-тал түсте ер адамның бойжеткенге шабуыл жасап, жанындағы тұрақта тұрған автокөлікке қарай сүйрей жөнелген бейнежазба тарап жатыр. Бойжеткен қатты айғайлағанымен оған ешкім көмекке келмейді.

Оқиға 12 ақпан күні Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан «Ұлан» ТК-де болғаны айтылуда.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады және ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Басқа ақпарат тергеу амалдарына байланысты таратуға жатпайды, - деді ПД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары